Жетісу облысында полицейлер оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды

Жетісу облысында полицейлер оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды

Жетісу облысында полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық іс-шаралар өткізіп, жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін түсіндірді. Кездесу барысында суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелері мен заң талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шараның мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және демалыс уақытында орын алуы мүмкін оқиғалардың алдын алу.