1) қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты тұратын жерінде еденге немесе қабырғаға берік бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм болатын және есігінде ішкі құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталады. Қаруды тұрғын бөлмелердің қабырғаларына ілуге жол берілмейді.
2) қалалық елді мекендерде (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй) электр желісіне және қосалқы электрмен қоректендіру көзіне тұрақты (тұрақты және қосалқы қоректендіру көзінің болуы) үй-жайларды күзетудің сертификатталған жүйесімен (дабыл сигналын меншік иесінің немесе оның отбасы мүшелерінің ұялы телефонына немесе күзет ұйымына беру мүмкіндігі бар сигнализация) жабдықталады.
Қару иесінің қалауы бойынша қаруды және оның патрондарын тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл шкафты (сейфті) ғана сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі.
Күзет сигнализациясының түрі мен типін қару иесі айқындайды;
Жеке тұлғаның қолында коллекциялық қару болса, оны сақтау орны оператор-фирмалардың орталық тандырылған бақылау пульттеріне шығатын сигнализация мен жабдықталады;
3) қару иесі ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару иесінің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына немесе ОСП қару уақытша сақтауға тапсырылуы қажет;
4) қарумен бірге оның патрондарын (азаматтық тегіс ұңғылы қарудың жалпы саны 500 данадан аспайтын, азаматтық ойық қарудың ойық қарудың әрбір бірлігіне 100 данадан аспайтын, газдық қарудың 50 данадан аспайтын патрондарын, 500 граммнан аспайтын аңшылық оқ-дәріні) сақтауға жол беріледі.