Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындарынан 33 мың тоннадан астам прекурсор заңсыз сақтағаны үшін тәркіленді

Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындарынан 33 мың тоннадан астам прекурсор заңсыз сақтағаны үшін тәркіленді

«Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасының 5 күні ішінде Жамбыл облысында 5 келіден астам түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді.

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құқық бұзушылығының 40 дерегін анықтады.

Атап айтқанда, 4 қылмыс анықталды: 2 айналыстан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттарды контрабандалық жолмен өткізу фактісі, 1 – құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, 1 психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісі.

Сондай-ақ 9 қылмыстық теріс қылық, 27 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Олардың ішінде техникалық нығайту талаптарын бұзудың 20 дерегі, фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзудың - 5, лицензиялау шарттарын бұзудың 2 фактісі.

33 мың 412 тонна 30 келі түрлі прекурсорлардың, сондай-ақ 4 469 түрлі есірткі және психотроптық препараттардың айналымы шектелді.