Полициядан қашқан «Alphard» жүргізушісі жауапқа тартылды

Полициядан қашқан «Alphard» жүргізушісі жауапқа тартылды

Таразда полиция қызметкерлері аумақты патрульдеу барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған «Toyota Alphard» маркалы автокөлігін тоқтатпақ болды.

Алайда, жүргізуші заңды талаптарға бағынбай, белгісіз бағытта жүрісін жалғастырған.

Жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонмен сөйлесіп, маневр жасау қағидаларын бұзған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінен қашу кезінде қарсы жолаққа шығып, басқа жол қатысушыларының өміріне қауіп төндірді.

Нәтижесінде құқық бұзушыға қатысты бірден сегіз әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды.

Көлік арнайы айып тұраққа қойылды.