Хабарландыру мәтініне персоналды
басқару қызметі жауапты
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
8) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
С-О-5 санаты үшін: талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары
|
Категория |
Қызмет өтіліне байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
С-О-4 |
212061 |
260615 |
|
С-О-5 |
186632 |
229492 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Полиция департаменті бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды, анықтама үшін: 080000, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 80, каб. 14 телефоны: 99-70-82, факс: 45-77-67. эл. мекен-жайы: ukr_dvd_jambyl@mail.ru
Функционалдық міндеттері: Денсаулық сақтау саласындағы ведомствалық Медициналық бөлім құрамына кіретін нысандарға басшылық етеді. Медициналық бөлім ПД «Емханасы» ММ жұмысының сәйкестігіне қарай бағыт беріп отырады. Тіркелген контингентке медициналық көмек көрсететін емдеу мекемесінің жабдықтық, дәрілік заттармен заманауи жабдықталуы бойынша, медицина бөлімінің жұмысын оңтайландыру туралы ұсыныстарды ДП қарауына ұсыну. Медицина бөлімі қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындау. Медицина бөлімін білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға, өмір мен еңбекке қауіпсіз және қолайлы жағдайларды жасауға. Уақытша жұмысқа жарамсыздық және ЕбГ ММ –нің дәрігерлік консультативті комиссиясының жұмысына сараптама жүргізу. Құрылымдық бөлімшелердің қызметін талдауды жүзеге асыру және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдістерін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдау. Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Есеп берудің уақтылы ұсынылуының қамтамасыз етуді қадағалайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мамандығы: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ішкі істер органдары туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: Бөлім материалдарына талдау жасайды, жұмысты жоспарлайды, қызметке қатысты анықтама, шолу, мәліметтер және басқа құжаттамаларды әзерлейді. ПД қызметкерлерінің мемлекеттік тілді қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде меңгеруі үшін шаралар қолданады. ПД-нің бөлімшелері жеке құрамы мен ерікті жалданушы қызметкерлерінің мемлекеттік тілді оқып-үйренуін ұйымдастырады, зерделейді және бақылайды. Мемлекеттік тілді оқыту жұмысына тікелей қатысады. ПД Қызметері мен ҚАПБ өткізген тоқсандық есептерін қарайды, кемшіліктерін белгілейді олар бойынша сәйкес шешім қабылдайды, шешім қорытындысын орындау бойынша шаралар ұйымдастырады. ПД мемлекеттік тіл мәселесі бойынша іссапарға ұсынылуын, толықтығын, сапасы мен растығын бақылайды. Есеп беру мәліметтердің уақтылы ұсынылуын, толықтығын, сапасы мен растылығын бақылайды. Бөлім инспекторларына тапсырылған міндеттердің дұрыс орындалуын бақылайды. ПД ІжСКБ-ң техникалық жабдықтарына матеиралдық-жауапты тұлға болып табылады,сеніп тапсырылған мүліктің сақтығына дербес жауапты, бөлімшенің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті кеңсе тауарларының уақытылы алуынуына жауапты. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар, өнер саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мамандығы: қазақ тілі және әдебиеті немесе орыс тілі және әдебиеті немесе журналистика, немесе қоғамдық байланыс немесе құқық саласында (жалпы), гуманитарлық ғылымдар, өнер (жалпы). Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ішкі істер органдары туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: Есептерде түгендеу жүргізуге қатысады. Осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді орындаумен байланысты бухгалтерлік құжаттардың сақталуы үшін бақылауды жүзеге асырады, хат алысу бойынша құжаттарды және олардың уақтылы мұрағатқа тапсырады. Қызметкерлерге ақшалай ризық пен еңбекақы төлеу бойынша есептерді бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді, құжаттардың уақтылы және дұрыс рәсімделуі және жасалатын операциялардың заңдылығы үшін алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Қызметкерлерге ақшалай ризықты, еңбекақыны есептеу мен аударуды жүргізеді, ақшалай ризық пен еңбекақыны дұрыс есептеу үшін және оларды төлеу үшін бақылауды жүзеге асырады. Субшоттар бойынша еңбекақы төлеу бойынша есептердің аналитикалық есебін жүзеге асырады. Әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу үшін табыстар, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар туралы анықтамалар беруді жүргізеді. Ақшалай ризық. ақшалай аттестаттар туралы анықтаманың көшірмелерін жүргізеді, сыйақы төлеуге ведомостер және басқа да ведомостер жасайды. Жалақыны есептеу бойынша есептеу-төлем ведомостерді ай сайын жасайды. Жеке құрам бойынша бұйрықтардың және басқа да өкімдік құжаттардың негізінде лауазымдық жалақыларды белгілеу үшін тағайындау, ауысуы, қызметтен босату, қызметкерлерге ақшалай ризық және еңбекақы төлеу. Біржолғы жәрдемақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы, құқық қорғау органдарында еңбек сіңірген жылдары үшін жұмысшыларға қосымша ақы, еңбектің зиянды жағдайларымен айналысатын үстемеақыларды, сыйақы және еңбекақымен байланысты басқа да төлемдерді төлеу туралы дербес шотқа жазбаларды жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау. Облыстық және республикалық бюджет бойынша ай сайын обороттық айналым ведомосттарын шығарып, дұрыстығын тексереді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе әлемдік экономика.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ішкі істер органдары туралы» Заңдарын, республикалық және жергілікті бюджет есебінен қамтылатын ұйымдарда бухгалтерлік есеп бойынша Нұсқаулықтан, Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің бірыңғай жүйесі және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасы» Жарлығынан, «Әскери қызметкер лауазымдарының, құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Агенттігінің өртке қарсы мемлекеттік қызметі және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің ресурстарын бекіту туралы, санаттар бойынша», Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жүйесі туралы», Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі және осы санаттағы нақты лауазымның мамандауына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, құжаттар Жамбыл облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасына жеткізілуі тиіс.
Персоналды басқару қызметі қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Тараз қаласы Желтоқсан көшесі 80, мекен жайда орналасқан Жамбыл облысы ПД ғимаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________
|
||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ Подпись кандидата |
_______________ |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады