ОРТА ЖӘНЕ КІШІ БАСШЫ ҚҰРАМНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

ОРТА ЖӘНЕ КІШІ БАСШЫ ҚҰРАМНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Конкурсқа қатысушылардың лауазым санаттары бойынша білімдеріне қойылатын талаптар:

 

С-SVR-8 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби.

 

С-SV-12 санаты үшін: орта білім.

 

С-SV-13 санаты үшін: орта білім.

 

Барлық конкурсқа қатысушылар үшін кәсіби сипаттамаларына қойылатын талаптар (қызмет ерекшелігін көрсететін):

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

 

Лауазымдық еңбекақылар:

 

№ Санаты Жалақының басталатын сомасы Жалақының шекті сомасы

1. С-SVR-8 68168,84 92165,98

2. С-SV-12 89534,79 121450,97

3. С-SV-13 80496,57 105606,85

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы Полиция департаменті, 080000, Тараз қ., Желтоқсан көшесі 80, телефон: 8-(7262) 99-73-78, факс: 45-77-67, Жамбыл облысы Полиция департаменті egov.kz сайтына орта және кіші басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

1. Жамбыл облысы Сарысу ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Мамандығы: құқықтану, құқық қорғау қызметі.

 

2. Жамбыл облысы Тараз қаласы Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі әкімшілік практика тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).

Функционалдық міндеттер: хаттамалардың және басқа да процессуалдық құжаттардың дұрыс толтырылуын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің санкцияларына қойылған өндірулердің тиістілігін, материалдың толықтығын тексеру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Мамандығы: құқықтану, құқық қорғау қызметі.

 

3. Жамбыл облысы Полиция департаменті ғимаратын күзету бойынша взводының полицейі (С-SV-12, 4 бірлік), (кіші басшы құрам).

Функционалдық міндеттер: Полиция департаменті және полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына өткізіп-бақылау функциясын іске асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта.

 

4. Жамбыл облысы Тараз қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының полицей-кинологі (С-SV-12, 3 бірлік), (кіші басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта.

 

5. Жамбыл облысы Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының «102» операторы (С-SV-13, 1 бірлік), (кіші басшы құрам).

Функционалдық міндеттері: «102» арнасы бойынша түскен хабарламаларды қабылдау және өндеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта.

 

Орта басшы құрамға орналасу үшін қойылатын қосымша талаптар: бойы –170 сантиметрден төмен емес, жасы – отыз бестен жоғары емес, тиісті білімі бар және шұғыл әскери қызметтен өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл әскери қызметке шақырылудан босатылғандар немесе кейінге қалдырылған азаматтар. Шұғыл әскери қызметке шақырылуға тиіс, шақыру жасындағы азаматтар осы санаттағы лауазымдарға жоғары білімі болғандағана қабылдана алады. Кейбір лауазымдарға «В,С» санаттары бойынша жүргізуші куәлігі бар. Осы санат бойынша конкурска қатысуға өтінім берген азаматтар, зейнет жасына жеткенде (қырық сегіз жас), жалпы жұмыс өтілі – жиырма бес жыл болуы керек, оның ішінде он екі жыл, алты ай ішкі істер органдарындағы үздіксіз

қызметі.

Кіші басшы құрамға қойылатын қосымша талаптар: бойы –170 сантиметрден төмен емес, жасы – отыз бестен жоғары емес, тиісті білімі бар және шұғыл әскери қызметтен өткендер. Осы санат бойынша конкурска қатысуға өтінім берген азаматтар, зейнет жасына жеткенде (қырық сегіз жас), жалпы жұмыс өтілі – жиырма бес жыл болуы керек, оның ішінде он екі жыл, алты ай ішкі істер органдарындағы үздіксіз қызметі.

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде құжаттарды Тараз қаласы Желтоқсан көшесі № 80 мекен-жайы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы қабылдауды жүзеге асырады. Құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін) және ішкі істер органдарынын әскери-дәрігерлік комиссиясынан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуі қажет.

 

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Ішкі істер органдарындағы қызметтің жеңілдіктері мен басымдықтары.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері тегін нысандық киіммен қамтамасыз етіледі, жалдамалы тұрғын үйдің өтемақысы төленеді, жылына бір рет жалақысын сақтаумен 30 күндік еңбек демалысы және еңбек өтіліне байланысты қосымша күндер қосыла отырып, сауықтандыруға өтемақы беріледі.