Конкурсқа қатысушылардың лауазым санаттары бойынша білімдеріне қойылатын талаптар:
С-SN-8 *** санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім.
С-SVО-9 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби.
С-SVR-4 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби.
С-SVR-8 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби.
С-SVR-8 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім.
С-SV-12 санаты үшін: орта білім.
С-SV-13 санаты үшін: орта білім.
Барлық конкурсқа қатысушылар үшін кәсіби сипаттамаларына қойылатын талаптар (қызмет ерекшелігін көрсететін):
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.
Лауазымдық еңбекақылар:
№ |
Санаты |
Жалақының басталатын сомасы |
Жалақының шекті сомасы |
|
С-SN-8 *** |
158635,91 |
209390,90 |
|
С-SVО-9 |
99297,87 |
134134,41 |
|
С-SVR-4 |
115030,50 |
155068,96 |
|
С-SVR-8 |
88619,50 |
119815,77 |
|
С-SVR-8 |
71009,21 |
96006,23 |
|
С-SVR-8 |
68168,84 |
92165,98 |
|
С-SV-12 |
89534,79 |
121450,97 |
|
С-SV-13 |
80496,57 |
105606,85 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы Полиция департаменті, 080000, Тараз қ., Желтоқсан көшесі 80, телефон: 8-(7262) 99-73-78, факс: 45-77-67, Жамбыл облысы Полиция департаменті egov.kz сайтына орта және кіші басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Жамбыл облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (рота құқығымен) саптық бөлінісінің инспекторы (С-SN-8***, 2 бірлік), (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттер: көшелерде, алаңдарда және басқа да қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоғамдық-саяси, жаппай-спорттық, мәдени, өзге де қорғаныс іс-шаралары кезінде құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздіктерді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім. Күрес пен атыстың жауынгерлік түрлері бойынша спорттық, біліктілік разрядтарының болуы (спорт шеберіне үміткер немесе спорт шебері).
Мамандығы: юриспруденция, құқық қорғау қызметі, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт.
2. Жамбыл облысы Полиция департаменті Ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі (орналасқан жері Шу қаласы) жедел уәкілі (С-SVО-9, 2 бірлік), Жуалы ауданы полиция бөлімі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттер: есірткі қылмыстарын, есірткі сатумен, контрабандамен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтарды, ордаларды анықтау, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: құқықтық.
Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, халықаралық қатынастар.
3. Жамбыл облысы Тараз қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі (С-SVR-8, 1 бірлік), Тараз қаласы полиция басқармасы 2-ші полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі (С-SVR-8, 2 бірлік), Меркі ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі (С-SVR-8, 2 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі (С-SVR-8, 1 бірлік), Талас ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі (С-SVR-8, 1 бірлік) (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттер: қылмыстарды анықтау, ескерту, жолын кесу және ашу. Анықтау, тергеу органдарынан және соттан ізін жасырған, қылмыстық жазадан жалтарған, із-түзсіз жоғалған азаматтарды және басқа тұлғаларды іздестіру бойынша шараларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: құқықтық.
Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі.
4. Жамбыл облысы Тараз қаласы Полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі (С-SVR-8, 3 бірлік), Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі (С-SVR-8, 2 бірлік), Тараз қаласы Полиция басқармасы 2-ші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттері: қылмыстық істерді тергеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: құқықтық.
Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі.
5. Жамбыл облысы Шу ауданы полиция бөлімі анықтау тобының анықтаушысы (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттері: қылмыстық істерді тергеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: құқықтық.
Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі.
6. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4, 2 бірлік), (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттері: қызмет көрсететін жергілікті учаскенің аумағында қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтар профилактикасы, ескерту, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қорғау.
Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби.
Мамандығы: құқықтану, құқық қорғау қызметі.
7. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Сарысу ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Шу ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттер: құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы, оқушылар арасында қаңғыбастықтың жолын кесу, құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандар тобын анықтау.
Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.
Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі, педагогика және психология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік падагогика және өзін-өзі тану, психология.
8. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы полиция бөлімі ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттер: полиция бөліністеріне қатысты өз құзыреті шегінде ұйымдық-өкімдік міндеттерін жүзеге асыру, лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіпте алуға. ІІО қызметкерлерінен келіп түскен ақпараттық сұраныстарды мәліметтер базасы бойынша өңдеуді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.
Мамандығы: құқықтану, құқық қорғау қызметі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, иновациялық менеджмент, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.
9. Жамбыл облысы Байзақ ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8, 1 бірлік), Меркі ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8, 1 бірлік), Шу ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8, 4 бірлік), (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттері: учаскелік полиция инспекторымен бірлесе отырып, қызмет көрсететін жергілікті учаскенің аумағында қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтар профилактикасы, ескерту, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қорғау.
Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі.
10. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (С-SVR-8, 2 бірлік), Сарысу ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік). (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.
Мамандығы: құқықтану, құқық қорғау қызметі.
11. Жамбыл облысы Тараз қаласы Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі әкімшілік практика тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік практика тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), (орта басшы құрам).
Функционалдық міндеттер: хаттамалардың және басқа да процессуалдық құжаттардың дұрыс толтырылуын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің санкцияларына қойылған өндірулердің тиістілігін, материалдың толықтығын тексеру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.
Мамандығы: құқықтану, құқық қорғау қызметі.
12. Жамбыл облысы Полиция департаменті ақпараттандыру және байланыс басқармасы байланыс бөлімі радиобайланыс тобының технигі (С-SV-13, 1 бірлік), Полиция департаменті әкімшілік практика бөлімінің технигі (С-SV-13, 1 бірлік), Тараз қаласы Полиция басқармасы ақпараттандыру және байланыс басқармасы байланыс бөлімінің технигі (С-SV-13, 1 бірлік), (кіші басшы құрам).
Функционалдық міндеттері: компьютерлік құрылғыларды құрастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта.
13. Жамбыл облысы Полиция департаменті Ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі (орналасқан жері Шу қаласы) жедел-іздестіру бөлімшесінің кіші жедел уәкілі (С-SV-12, 2 бірлік), (кіші басшы құрам).
Функционалдық міндеттері: есірткі қылмыстарын, есірткі сатумен, контрабандамен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтарды, ордаларды анықтау, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта.
14. Жамбыл облысы Полиция департаменті ғимаратын күзету бойынша взводының полицейі (С-SV-12, 3 бірлік), (кіші басшы құрам).
Функционалдық міндеттер: Полиция департаменті және полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына өткізіп-бақылау функциясын іске асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта.
15. Жамбыл облысы Полиция департаменті 3-ші санаттағы Автошаруашылық полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 1 бірлік), Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (рота құқығымен) саптық бөлінісінің полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 1 бірлік), Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімі тылды қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 1 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі тылды қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 3 бірлік), Талас ауданы полиция бөлімі тылды қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 1 бірлік), Шу ауданы полиция бөлімі айдауылдау қызметі тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 2 бірлік), Талас ауданы полиция бөлімі қылмыс жасауда сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамақта ұстау изоляторының полицей-жүргізушісі (С-SV-12, 1 бірлік), (кіші басшы құрам).
Функционалдық міндеттері: қызметтік автомашина және байланыс құралдарын техникалық жөндеуді және таза жағдайда ұстау, ағымдағы жөндеуді уақытылы жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта.
16. Жамбыл облысы Полиция департаменті Айдауылдау қызметі взводының полицейі (С-SV-12, 1 бірлік), Талас ауданы полиция бөлімі қылмыс жасауда сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамақта ұстау изоляторы айдауылдау қызметі тобының айдауыл-полицейі (С-SV-12, 2 бірлік), Талас ауданы полиция бөлімі қылмыс жасауда сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамақта ұстау изоляторының полицейі (С-SV-12, 1 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі айдауылдау қызметі тобының айдауыл-полицейі (С-SV-12, 1 бірлік), (кіші басшы құрам).
Функционалдық міндеттері: қылмыс жасауда сезікті және айыпталушы тұлғаларды күзету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта.
17. Жамбыл облысы Полиция департаменті кинология қызмет орталығының кіші инспектор-кинологі (С-SV-12, 1 бірлік), Меркі ауданы полиция бөлімі кинология қызметі тобының кіші инспектор-кинологі (С-SV-12, 1 бірлік), Тараз қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының полицей-кинологі (С-SV-12, 1 бірлік), (кіші басшы құрам).
Функционалдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта.
Орта басшы құрамға орналасу үшін қойылатын қосымша талаптар: бойы –170 сантиметрден төмен емес, жасы – отыз бестен жоғары емес, тиісті білімі бар және шұғыл әскери қызметтен өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл әскери қызметке шақырылудан босатылғандар немесе кейінге қалдырылған азаматтар. Шұғыл әскери қызметке шақырылуға тиіс, шақыру жасындағы азаматтар осы санаттағы лауазымдарға жоғары білімі болғандағана қабылдана алады. Кейбір лауазымдарға «В,С» санаттары бойынша жүргізуші куәлігі бар. Осы санат бойынша конкурска қатысуға өтінім берген азаматтар, зейнет жасына жеткенде (қырық сегіз жас), жалпы жұмыс өтілі – жиырма бес жыл болуы керек, оның ішінде он екі жыл, алты ай ішкі істер органдарындағы үздіксіз қызметі.
Кіші басшы құрамға қойылатын қосымша талаптар: бойы –170 сантиметрден төмен емес, жасы – отыз бестен жоғары емес, тиісті білімі бар және шұғыл әскери қызметтен өткендер, кейбір лауазымдарға «В,С,Д» санаттары бойынша жүргізуші куәлігі бар. Осы санат бойынша конкурска қатысуға өтінім берген азаматтар, зейнет жасына жеткенде (қырық сегіз жас), жалпы жұмыс өтілі – жиырма бес жыл болуы керек, оның ішінде он екі жыл, алты ай ішкі істер органдарындағы үздіксіз қызметі.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде құжаттарды Тараз қаласы Желтоқсан көшесі № 80 мекен-жайы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы қабылдауды жүзеге асырады. Құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін) және ішкі істер органдарынын әскери-дәрігерлік комиссиясынан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуі қажет.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Ішкі істер органдарындағы қызметтің жеңілдіктері мен басымдықтары.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері тегін нысандық киіммен қамтамасыз етіледі, жалдамалы тұрғын үйдің өтемақысы төленеді, жылына бір рет жалақысын сақтаумен 30 күндік еңбек демалысы және еңбек өтіліне байланысты қосымша күндер қосыла отырып, сауықтандыруға өтемақы беріледі.