Тұрмыстық зорлық-зомбылық: заң бойынша жауапкершілік

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: заң бойынша жауапкершілік

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: заң бойынша жауапкершілік

Тұрмыстық зорлық-зомбылық — отбасының жеке мәселесі емес, заңда жауапкершілік көзделген құқық бұзушылық.

Қазақстанда ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1 және 108-1-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Полиция профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қорғау нұсқамаларын шығарады және жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Қажет болған жағдайда олар дағдарыс орталықтарына орналастыруға бағытталады.

Есте сақтаңыз: мәселені үнсіз қалдыру оның шешімі емес. Егер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, көмек сұраудан тартынбаңыз.

📞 Қайда хабарласуға болады:
▪️ 102 — полиция;
▪️ 111 — отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орталығы;
▪️ 150 — сенім телефоны.

Зорлық-зомбылыққа бейжай қарамаңыз. Уақытылы көмекке жүгіну адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.