
Бүгінде лудомания — қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Ойынға тәуелділік адамның қаржылық жағдайына ғана емес, отбасына, жақындарымен қарым-қатынасына және жалпы өміріне кері әсер етеді.
Бұл мәселенің алдын алу полиция қызметі үшін де маңызды. Себебі бұл тәуелділіктің жолын кесу — бүкіл қоғамға ортақ міндет.
🎭 Осы мақсатта Жамбыл облысы Полиция департаментінің жеке құрамы А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында «Аман» психологиялық драмасының премьерасын тамашалады.
Психологиялық драма ойынға тәуелділіктің адам тағдырына тигізетін зардабын көрсетіп, көрерменді ойлануға және осы әлеуметтік мәселенің алдын алуға үндейді.
«Аман» — бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның мәселесін қозғайтын қойылым.
✅ Мұндай тағылымды туындылар әр адамға жауапкершілікті сезінуге, жақындарының жағдайына бейжай қарамауға және лудоманияның алдын алудың маңызын түсінуге ықпал етеді.