
Жалған мемлекеттік нөмір таққан мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды
🎦Жамбыл облысында ПД Жедел басқару орталығы қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы көшелердің бірінде мотоциклді қорғаныш дулығасынсыз басқарып келе жатқан азаматты байқады.
🚔Ақпарат бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мотоциклді тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені анықталды.
🏍️Сондай-ақ мотоциклге тағылған мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екені белгілі болды.
📌Құқық бұзушылықтар бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынды.
❗Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.