Жамбылда заңсыз жанармай тасымалдаудың 333 дерегінің жолы кесілді

Жамбылда заңсыз жанармай тасымалдаудың 333 дерегінің жолы кесілді

Жамбылда заңсыз жанармай тасымалдаудың 333 дерегінің жолы кесілді

🛢️Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз жанармай тасымалдауға қатысты 333 дерек анықталып, 6 тонна жанармай тәркіленді.

🚔Полиция қызметкерлерімен 291 жүргізуші тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұндай көліктерге жанармай тасымалдауға арналған қосымша жабдықтар орнатылғаны белгілі болды.

📌Тағы 132 жүргізуші осыған ұқсас құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7 және 10-бөліктерімен жауапқа тартылды.

🖇️Өңірде тамыз айының өзінде заңсыз жанармай тасымалдаудың 106 дерегі тіркелді. Оның 64-і тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқаруға, 42-сі осындай құқық бұзушылықты қайталап жасауға қатысты орын алған.

🚚Барлығы 423 көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

🚨Полиция көлік құралын белгіленген талаптарды бұза отырып қайта жабдықтап, оны жанармай тасымалдау үшін пайдаланудың заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын қатаң ескертеді.