Жамбыл облысында полицейлер 600 келіге жуық есірткі тәркіледі

Жамбыл облысында полицейлер 600 келіге жуық есірткі тәркіледі

Жамбыл облысында полицейлер 600 келіге жуық есірткі тәркіледі

«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД қызметкерлерімен, ҚР Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының әскери қызметшілерімен және Жамбыл облысы ПД Кинологиялық орталығының кинолог-инспекторымен бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Есірткі заттарын іздеу жұмыстарына Letta есімді қызметтік-іздестіру иті жұмылдырылды.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде Т. Рысқұлов ауданы, Қонаев ауылының шамамен 10 шақырым жеріндегі құмды алқапта полицейлер есірткі құрамдас өсімдіктерді аса ірі мөлшерде заңсыз жинаумен айналысты деген күдікпен үш ер адамды ұстады.

Аумақты тексеру барысында салмағы 595 келі 440 грамм есірткі заттары мен құрамында есірткі бар өсімдіктер тәркіленді.

Сонымен қатар өсімдіктерді жинауға пайдаланылуы мүмкін үш орақ алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.