Бес жылда – бірде-бір қылмыс тіркелмеген: Жамбыл облысының полицейлері 24 ауылдың мұндай нәтижеге қалай қол жеткізгенін айтты

Бес жылда – бірде-бір қылмыс тіркелмеген: Жамбыл облысының полицейлері 24 ауылдың мұндай нәтижеге қалай қол жеткізгенін айтты

Бес жылда – бірде-бір қылмыс тіркелмеген: Жамбыл облысының полицейлері 24 ауылдың мұндай нәтижеге қалай қол жеткізгенін айтты

Жамбыл облысында алкоголь өнімдерін сатудан өз еркімен бас тартқан елді мекендердің саны артып келеді. Бүгінде мұндай ауылдардың саны 56-ға жетті. Олардың басым бөлігі Тұрар Рысқұлов және Сарысу аудандарында орналасқан.

Жергілікті тұрғындар үшін бұл – алкоголь өнімдерін сатудан бас тарту ғана емес, тыныш өмірді, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті таңдаудың саналы қадамы. Ауыл тұрғындарының айтуынша, алкоголь өнімдерінің сатылмауы жанжалдардың азаюына, отбасылық құндылықтардың нығаюына және елді мекендерде жайлы қоғамдық ахуалдың қалыптасуына оң әсерін тигізуде.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстың маңызы зор. Полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, заңнама талаптарын түсіндіріп, қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Мұндай тәсілдің тиімділігі нақты нәтижелермен дәлелденуде. Соңғы бес жыл ішінде алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан 24 елді мекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ал төрт ауылда бірде-бір құқық бұзушылық жасалмаған.

Полиция департаментінде «алкогольсіз ауылдар» тәжірибесі алдағы уақытта да кеңейе түсетіні және құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тетіктерінің бірі ретінде қоғамдық тәртіпті нығайтіп, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.