Жамбыл облысының полициясы 14,5 мың мектеп бітірушілері үшін қауіпсіздік шараларын күшейтті

Жамбыл облысының полициясы 14,5 мың мектеп бітірушілері үшін қауіпсіздік шараларын күшейтті

Жамбыл облысының полициясы 14,5 мың мектеп бітірушілері үшін қауіпсіздік шараларын күшейтті

Бүгін Жамбыл облысында мектеп түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Биыл орта білім туралы құжаттарды шамамен 14,5 мың оқушы алады.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет атқару тәртібіне көшірілді. Ерекше назар мерекелік іс-шаралар өтетін орындарға, жол қозғалысын ұйымдастыруға және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға аударылуда.

Мектеп бітірушілердің маңызды күні полиция қызметкерлері мектептердің маңында, көшелерде және салтанатты іс-шаралар өтетін жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Қабылданып жатқан барлық шаралар мерекенің жоғары деңгейде, тыныш әрі қауіпсіз өтуіне бағытталды. Бұл күн түлектердің, олардың ата-аналары мен ұстаздарының жадында тек жарқын әрі жағымды естелік болып қалуы тиіс.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.