Қауіпсіз жол – ортақ міндет: полиция қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» өкілдері тасжолдарда азаматтарға қабылдау өткізді

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» АҚ өкілдерімен бірлесіп, республикалық маңызы бар автожолда азаматтарды қабылдау шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарастыру болды.

Кездесу барысында жүргізушілер мен өңір тұрғындары автомобиль жолдарының жай-күйі, жол қозғалысын ұйымдастыру, жол белгілерін орнату, тасжолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзге де өзекті мәселелер бойынша көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

Полиция қызметкерлері мен жол саласы мамандары азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қажетті түсіндірмелер мен кеңестер берді.

Көтерілген барлық мәселелер қолданыстағы заңнама аясында одан әрі қарау үшін бақылауға алынды.