Таразда әлеуметтік осал топ өкілдеріне есірткі қылмысына тартылу қаупі туралы ескертілді

Таразда әлеуметтік осал топ өкілдеріне есірткі қылмысына тартылу қаупі туралы ескертілді

Таразда әлеуметтік осал топ өкілдеріне есірткі қылмысына тартылу қаупі туралы ескертілді

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесіп, «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі тұтынудың алдын алу және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың есірткі заттарының заңсыз айналымына тартылуына жол бермеу.

Профилактикалық кездесу 25 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған айлық аясында өткізілді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткіні қолданудың зиянды салдары, оны таратқаны үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ «жасырын қоймалар» («закладка») жасау және есірткі заттарын жарнамалайтын граффити салудың заңдық салдары туралы жан-жақты түсіндірді.

Қатысушылар әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтардың есірткі қылмысына тартылуы мәселесіне ерекше назар аударды. Полицейлердің айтуынша, қаскөйлер адамдардың ауыр психологиялық және материалдық жағдайын пайдаланып, оңай әрі тез табыс табуды уәде ету арқылы оларды заңсыз әрекеттерге итермелейді.

Осыған байланысты кездесу ең алдымен әлеуметтік көмек көрсету орталығының мамандарына арналды. Олар алдағы уақытта өз қамқорлығындағы азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қауіптер мен оның салдары туралы дер кезінде ескерте алады.

Кездесу барысында есірткі қылмысының алдын алу, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау және осы саладағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды.