Жамбыл облысында полицейлер балалардың қауіпсіздігін ерекше бақылауға алды

Жамбыл облысында полицейлер балалардың қауіпсіздігін ерекше бақылауға алды

Жамбыл облысында полицейлер балалардың қауіпсіздігін ерекше бақылауға алды

Жамбыл облысында 3–7 маусым аралығында балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Жолдағы балалар!» жедел-алдын іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер мектептердің, балалар демалатын орындардың және тұрғын үйлер маңындағы бақылауды күшейтіп, автопатрульдер санын арттырды әрі жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен жолдағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, велосипедтерді, электрсамокаттарды және өзге де жеке мобильділік құралдарын қауіпсіз пайдалану жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда.

Кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына, сондай-ақ тіркелмеген мопедтердің, мотоциклдердің және электрвелосипедтердің пайдаланылуына жол бермеуге ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар мұндай құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілуде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті өңір тұрғындарын жолдарда барынша мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға және балаларды жолдың жүру бөлігіне жақын жерде қараусыз қалдырмауға шақырады.