Болашақ медицина қызметкерлері полицияның есірткіге қарсы бастамасын қолдады

Болашақ медицина қызметкерлері полицияның есірткіге қарсы бастамасын қолдады

Болашақ медицина қызметкерлері полицияның есірткіге қарсы бастамасын қолдады

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері республикалық «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «Болашақ медицина қызметкерлері есірткіге қарсы» тақырыбында профилактикалық семинар өткізді.

Іс-шара Тараз қаласындағы Жамбыл медициналық жоғары колледжінде өтті. Оған Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының өкілдері, «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары, оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарас қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Ерекше назар жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне, синтетикалық есірткілердің таралуына және олардың адам денсаулығына тигізетін зиянды әсеріне аударылды. Спикерлер студенттерге есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы айтып, осы саладағы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістермен таныстырды.

Полиция қызметкерлері нашақорлықпен күрес бүкіл қоғамның белсенді қатысуын талап ететінін атап өтіп, жастар өз болашағы мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінуі керектігін жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыруға және қоғамдағы есірткіге қарсы құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Кездесу соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.