Жамбыл облысында сотталғандарға есірткі қылмыстарының салдары түсіндірілді

Жамбыл облысында сотталғандарға есірткі қылмыстарының салдары түсіндірілді

Жамбыл облысында сотталғандарға есірткі қылмыстарының салдары түсіндірілді

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен және өңірлік ҚАЖД-мен бірлесіп, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№67 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараға жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен бостандыққа шығуға мерзімі жақындаған азаматтар қатысты.

Кездесу 25 мамыр мен 26 маусым аралығында өтіп жатқан Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған айлық аясында өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі қылмыстарына деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастыру, құқықтық сананы арттыру және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Кездесу барысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, өмірлік ұстанымдарын өзгертуге ынталандыру және салауатты әрі заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Шара аясында бұрын сотталған азамат сөз сөйлеп, бүгінде есірткіге қарсы бастамалар бойынша еріктілік қызметпен белсенді айналысып жүргенін айтты. Оның өмір жолы әр адамның өз өмірін өзгертіп, дұрыс жолды таңдай алатынының нақты дәлелі болды.

Қатысушыларға есірткіні қолдану мен таратудың құқықтық салдары түсіндіріліп, әлеуметтік бейімделу және қоғамдағы толыққанды өмірге қайта оралу мәселелері талқыланды.

Мұндай ашық диалог форматы құқықтық білімді нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және сотталғандар арасында сенімді қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал етеді.

Жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында жүргізілетін профилактикалық жұмыс есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі істер органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Алдағы уақытта мұндай кездесулерді өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.