Жамбыл облысында автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтау деректерінің жолы кесілуде

Жамбыл облысында автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтау деректерінің жолы кесілуде

Жамбыл облысында автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтау деректерінің жолы кесілуде

Жамбыл облысы аумағында автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтау фактілерін анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Атап айтқанда, қосымша жанармай бактарын орнату деректері тексерілуде.

Мұндай өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, сондай-ақ кейбір азаматтардың көліктерді заңсыз пайдалануына себеп болуы мүмкін.

Соңғы екі аптада полиция қызметкерлері қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатқан 22 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың арасында көршілес мемлекет азаматтары да бар.

Барлық заң бұзушылықтар сол жерде тоқтатылып, көліктер бұзушылық толық жойылғанға дейін арнайы айып тұрағына қойылады.

Сонымен қатар, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны және тиісті тіркеу мен рұқсат құжаттарынсыз қызмет көрсеткені үшін техникалық қызмет көрсету станцияларының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Көлік құралының конструкциясына енгізілетін кез келген өзгеріс заңда белгіленген тәртіппен міндетті түрде келісіліп, тіркелуі тиіс.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бақылауында тұр.