Жамбыл облысында полиция көлікті айдап кеткен күдіктіні ізі суымай ұстады

Жамбыл облысында полиция көлікті айдап кеткен күдіктіні ізі суымай ұстады

Жамбыл облысында полиция көлікті айдап кеткен күдіктіні ізі суымай ұстады

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Лада Приора» маркалы автокөлікті айдап әкетті деген күдікпен Тараз қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көлік иесі автокөлігін азық-түлік дүкенінің маңында қараусыз қалдырған. Көлік ашық күйде болып, оталдыру кілті ішінде қалған. Осы сәтті пайдаланған күдікті автокөлікті айдап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлік табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Соңғы бес жыл ішінде облыс аумағында автокөлік айдап кетудің 190 дерегі тіркелген. Оның 135 жағдайында иелері көліктерін қараусыз қалдырған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарды қырағылық танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Автокөліктің есіктерін міндетті түрде кілтпен жауып, арнайы тұрақтарға қою және дабыл қондырғыларын пайдалану қажеттігін еске салады.