Жамбыл облысында куәлігі жоқ мас жүргізуші полициядан қашпақ болды

Жамбыл облысында куәлігі жоқ мас жүргізуші полициядан қашпақ болды

Жамбыл облысында куәлігі жоқ мас жүргізуші полициядан қашпақ болды

Жамбыл облысында рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері «ВАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қашып кетуге әрекет жасаған.

Жүргізушінің күмәнді әрекеттеріне байланысты медициналық куәландыру жүргізіліп, оның орта дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.

Тексеру барысында анықталғандай, аталған азамат бұған дейін де жауапкершілікке тартылған. 2024 жылы Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Соған қарамастан, ер адам қайтадан мас күйде көлік басқарған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

Жалпы, жыл басынан бері Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарғаны үшін 291 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.