Таразда студенттерге қырағы иттердің есірткіні қалай табатыны көрсетілді

Таразда студенттерге қырағы иттердің есірткіні қалай табатыны көрсетілді

Таразда студенттерге қырағы иттердің есірткіні қалай табатыны көрсетілді

Із кесу, тыйым салынған заттарды анықтау және «қылмыскерлерді» ұстау — бұл «боевик» фильмінен алынған көрініс емес, студенттерге арналған әсерлі көрсетілімнің бір бөлігі.

Іс-шара Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, кинологиялық қызмет және Тараз қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен «Студенттер есірткіге қарсы» акциясы аясында өтті.

Студенттер қызметтік иттердің жұмысымен танысып қана қоймай, олардың есірткі заттарын қалай анықтайтынын, тапсырмаларды нақты орындайтынын және шартты құқық бұзушыларды ұстауға қалай қатысатынын өз көздерімен көрді.

Көрсетіліммен қатар қатысушыларға мамандар есірткінің зияны мен оны қолданудың салдары, соның ішінде синтетикалық заттардың қауіптілігі туралы маңызды ақпараттар берді.

Мұндай тірі қарым-қатынас пен жеке әсер сыйлау — жастар арасында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Қызметтік иттер — қылмыстарды ашуда тиімді көмекші ғана емес, сонымен қатар профилактика ісінде маңызды серіктес болып табылады.

Студенттер көрсетілімнен үлкен әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, төрт аяқты қатысушылармен естелік суреттерге түсті.