Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, кинолог мамандары және Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарының заңсыз айналымының жолы кесілді.

«Қордай – Шу» автожолының 34-шақырымында полицейлер 59 жастағы азамат басқарған Audi маркалы автокөлікті тоқтатты. «Макс» қызметтік-іздестіру итімен көлік құралын тексеру барысында алдыңғы қақпақ астынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған полипропилен қап табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 3 келі 947 граммды құрайтын «гашиш» есірткісі екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті ұсталып, Қордай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі заттарын тарату арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда.