Жамбыл облысында бір тәулікте мотокөлік жүргізушілерінің 240 жол ережесін бұзуы анықталды

Жамбыл облысында бір тәулікте мотокөлік жүргізушілерінің 240 жол ережесін бұзуы анықталды

Жамбыл облысында бір тәулікте мотокөлік жүргізушілерінің 240 жол ережесін бұзуы анықталды

Жамбыл облысында 1–4 сәуір аралығында жүргізушілердің тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Тек бір тәулік ішінде жүргізілген рейдтік шаралар барысында жол қозғалысы саласында 240 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Әсіресе, мотокөлікті мас күйде басқару деректеріне ерекше назар аударылуда. Осы құқық бұзушылық үшін үш жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Осындай жағдайдың бірі Жуалы ауданында тіркелді. Полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ скутерді тоқтатқан. Тексеру барысында көлік құралының белгіленген тәртіппен тіркелмегені, ал 26 жастағы жүргізушінің куәлігі жоқ екені және алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, тіркелмеген мопедтерді басқарғаны үшін 38 жүргізуші, ал жүргізуші куәлігі болмағаны үшін тағы 33 адам жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, мотокөлікті басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың 23 дерегі анықталды.
Іс-шара аясында 94 мопед арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, мотокөлікті басқару әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі.