Жамбылдық ардагер полицейлер республикалық турнирде жүлдегер атанды

Жамбылдық ардагер полицейлер республикалық турнирде жүлдегер атанды

Жамбылдық ардагер полицейлер республикалық турнирде жүлдегер атанды

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері мен ардагерлері арасында Теміртау қаласында өткен республикалық турнирде Жамбыл облысының намысын қорғаған «Динамо ардагер» командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Осыған байланысты, бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев ардагерлерді салтанатты түрде құттықтап, жылы лебізін білдірді.

—Бұл жетістік – команданың ұйымшылдығы мен кәсіби шеберлігінің, табандылығы мен жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі. Ардагерлер тек спорттық бәсекеде ғана емес, жалпы ішкі істер органдары жүйесінде оң имиджді қалыптастыруда зор үлес қосып келеді. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен спортқа деген сүйіспеншіліктеріңіз жас қызметкерлерге жарқын үлгі,- деп атап өтті ПД бастығы.

Кездесу барысында департамент бастығы ардагерлерге алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы өнегелі істерінің жалғаса беруін тілеп, алғыс хатпен марапаттады.