
«Заң мен тәртіп» әр үйде: Жамбыл облысы ПД бастығы коммуналдық қызмет өкілдерімен кездесу өткізді
Тараз қаласында 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енетін «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» жаңа заңды іске асыру мәселелері бойынша пәтер иелерінің коорпоротиві және меншік иелері бірлестігінің төрағаларымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесу өтті.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін қалыптастыру – полиция, әкімдік және кондоминиум нысандарын басқару органдарының тығыз өзара іс-қимылына негізделуі тиіс екенін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар ПИК және МИБ төрағаларының өкілеттіктерін нақтылау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, жиын барысында «проблемалы» пәтерлерді, яғни асоциалды тұлғалар жиналатын орындарды анықтаған жағдайда әрекет ету алгоритмдері талқыланды.
Бұдан бөлек, учаскелік инспекторлармен жедел байланыс орнату үшін мессенджерлердегі үй чаттарының тиімділігі, ұрлықтың алдын алу шаралары, бейнебақылау камералары мен домофондарды пайдалану, сондай-ақ тұрмысы қолайсыз отбасылармен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мониторингтік топтар құру, ортақ рейдтік іс-шаралар жоспарын бекіту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты қадамдар айқындалды.
аботы.