Жамбыл облысы ПД қызметкері жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында төрт медаль иеленді

Жамбыл облысы ПД қызметкері жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында төрт медаль иеленді

Жамбыл облысы ПД қызметкері жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында төрт медаль иеленді

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкері Қарағанды қаласында өткен жеңіл атлетикадан ардагер-шеберлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мен әуесқойлар арасындағы Қазақстан Республикасының біріншілігіне қатысты.

Ауқымды жарысқа еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық спортшы бірнеше жас санаты бойынша бақ сынады. Жамбыл облысының намысын 20 спортшы қорғады.

Олардың қатарында Жамбыл облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Лаура Қадырманова да болды.

Полиция майоры 400, 800, 1500 және 3000 метр қашықтықтарға жүгіріп, 40–44 жас санатында үш қола және бір күміс жүлдені иеленді. Осылайша, ол облыс құрамасының қоржынына төрт медаль салды.

Жамбылдық жеңіл атлеттердің жоғары нәтижелері команданың жалпыкомандалық есепте үздік бестікке енуіне мүмкіндік берді.

Полиция қызметкерлерінің республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысуы олардың жоғары дене дайындығын ғана емес, салауатты өмір салтына, тәртіп пен мақсатқа берік ұстанымын көрсетеді.