Жамбыл облысында автобус паркінің 25 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды

Жамбыл облысында автобус паркінің 25 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды

Жамбыл облысында автобус паркінің 25 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды

Жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға жол бермеу мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері автобус парктерінде тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Бақылау іс-шаралары барысында жолаушылар көлігінің техникалық жай-күйіне, жүргізушілердің міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуіне, сондай-ақ автокәсіпорындардың лауазымды тұлғалары тарапынан заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылуда.

Тексеру нәтижесінде техникалық ақауы бар көлік құралдарын желіге шығарғаны үшін 25 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автобустардың техникалық жағдайы жолаушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Себебі жол үстіндегі кез келген ақау апатты жағдайға және ауыр салдарға әкелуі мүмкін.