Жамбыл облысында орындықтарын алып тастап адам тасыған автобус анықталды

Жамбыл облысында орындықтарын алып тастап адам тасыған автобус анықталды

Жамбыл облысында орындықтарын алып тастап адам тасыған автобус анықталды

Мерке–Шу–Бурылбайтал автожолында полиция қызметкерлері Van Hool маркалы автобусты тоқтатты. Тексеру барысында көлік құралының барлық орындықтары алынып тасталып, толықтай жатын орындарға қайта жабдықталғаны анықталды.

Көлік құралдарының құрылымына мұндай өзгерістер енгізу, әсіресе жол-көлік оқиғалары болған жағдайда, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Жүргізуші тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, полиция қызметкерлерімен жолаушылар тасымалы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған рейдтік іс-шараның үш күнінде 457 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға ерекше назар аударылуда. Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 3 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Желiге техникалық ақауы бар автобустарды шығару да алаңдаушылық туғызады. Осындай 11 дерек анықталды. Тіпті бір ғана мұндай құқық бұзушылықтың өзі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 14 дерегін тоқтатты. Қоғамдық орындарда азаматтарды жөнсіз мазалап, такси қызметін көрсету мақсатында ұсыныс жасаудың 26 дерегі анықталды. Бұдан бөлек, жолаушылар мен жүк тасымалдау қағидаларын бұзудың 4 дерегі тіркелді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілерді заңнама талаптарын қатаң сақтауға және жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ең алдымен көлікті басқарып отырған адам жауапты екенін ұмытпауға шақырады.