UAE SWAT Challenge: сотрудник ДП Жамбылской области досрочно получил звание

UAE SWAT Challenge: сотрудник ДП Жамбылской области досрочно получил звание

Дубай UAE SWAT Challenge: Жамбылдық мерген полицейге мерзімінен бұрын майор арнаулы атағы берілді

🏆 Дубайда өткен халықаралық UAE SWAT Challenge турнирінде топ жарған «Kaz SWAT Team C» құрамында өнер көрсеткен Жамбыл облысы ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция капитаны Муслим Боранбаевты жамбылдық әріптестері салтанатты түрде қарсы алды.

Жеңістен кейін команда Қазақстан Республикасы Президентінің қабылдауында болды. Мемлекет басшысының жарлығымен Муслим Боранбаев «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Алғысымен марапатталды. Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен оған мерзімінен бұрын полиция майоры арнаулы атағы берілді.

🎯 48 елдің арнайы бөлімдері қатысқан бес күндік додада ол мерген ретінде шешуші сәттерде жоғары дәлдік пен салқынқандылық танытты. Әсіресе, бесінші қабаттан бір ғана оқпен нысананы көздеу кезеңінде мүлтіксіз нәтиже көрсетіп, команданың жеңісіне зор үлес қосты.

Нәтижесінде қазақстандық құрам 100-ден астам команданың ішінен үздік атанды.

Жамбыл облысы Полиция департаментінде айтулы жеңіске байланысты салтанатты жиында полиция майорына құрмет көрсетіліп, ата-анасына алғыс білдірілді.

Айта кету керек, Муслим Боранбаев — бокстан спорт шеберлігіне үміткер, ҚР ІІМ чемпионатының қола жүлдегері, Мемлекеттік күзет қызметі Кубогының чемпионы және халықаралық жарыстың күміс жүлдегері.