Таразда жастарға «оңай ақшаның» артында 20 жыл түрме тұрғаны ескертілді

Таразда жастарға «оңай ақшаның» артында 20 жыл түрме тұрғаны ескертілді

Таразда жастарға «оңай ақшаның» артында 20 жыл түрме тұрғаны ескертілді

🏢Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Дұрыс таңдау – болашақтың негізі» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, білім саласы қызметкерлері, спортшылар, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

📍Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, әсіресе есірткі сақтау, тасымалдау, интернет-алаяқтық және бұзақылықтың салдары түсіндірілді.

✅Жастарға «оңай ақша» ұсыныстарының артында ауыр қылмыс — есірткі тарату әрекеттері тұрғаны ескертілді.

👨🏻‍✈️Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мақсат Қанапяев өз баяндамасында интернет арқылы «жұмыс», «жүк жеткізу», «закладка» деген атаумен келетін ұсыныстардың заңсыз екенін атап өтті.

📌Оның айтуынша, есірткі таратқаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген және «білмедім», «тек апарып қойдым» деген сылтаулар жауапкершіліктен босатпайды.

Сондай-ақ, 2025 жылдың 3 наурызынан бастап есірткі қылмысына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілгені түсіндірілді.

‼️Атап айтқанда, есірткі жасырушыларға жаза сараланып, төмендетілген санкциялар қарастырылса, өндірушілер мен зертханаларын ұйымдастырушыларға қатысты жауапкершілік керісінше күшейтілді.

‼️Сонымен бірге прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік алғаш рет енгізілді.

📍Жиында сөз алған қазақстандық паралимпиада спортшысы, жүзуден Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Паралимпиада құрамасының капитаны Зульфия Габидуллина жастарға: «Оңай жол іздемеңдер — табыстың да, жеңістің де артында адал еңбек тұрады. Дұрыс таңдау — болашақ жеңістің бастауы», — деп кеңес берді.

🔊📽Іс-шара барысында деректі бейнеролик көрсетіліп, жазасын өтеп жатқан азаматтар бейнебайланыс арқылы қосылып, жастарды заң бұзбауға шақырды.

✅Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің басты мақсаты — жастарды қылмыстық әрекеттерден сақтандыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және дұрыс өмірлік таңдау жасауға бағыт беру екенін атап өтті.