Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жолда қалған жүк көлігін басқаратын жүкті әйелге көмек көрсетті

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жолда қалған жүк көлігін басқаратын жүкті әйелге көмек көрсетті

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жолда қалған жүк көлігін басқаратын жүкті әйелге көмек көрсетті

Жамбыл облысында қалың қар жауып, жолдың көру мүмкіндігінің шектелуі көлік қозғалысын едәуір қиындатты. Салдарынан аймақтың автожолдарында шамамен 2200 жүк көлігі қар құрсауынан жүре алмай тұрып қалған.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 400 полиция қызметкері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары облыс бойынша жол жағдайын тәулік бойы бақылап, жүргізушілерге көмек көрсетіп, көлік қозғалысын реттеуде.

Жуалы ауданы Күйік асуында полиция қызметкерлері қарлы боранға байланысты жолда қалған жүк көлігінің жүргізушісі Оксана Шевчукке көмек көрсетті. Көпбалалы ана қазіргі уақытта жүктіліктің сегізінші айында екен.
Полицейлер оған ыстық шай беріп, тамақтандырған соң, жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

— Біз осы жолда екі күн бойы тұрмыз. Полиция қызметкерлері көмек ұйымдастырып, жағдайды бақылауда ұстап, тәртіпті қадағалауда, — дейді жүк көлігімен 35 жылқы тасып келе жатқан жүргізушінің бірі Асқар Мұсылманов.

Сонымен қатар, полицейлермен жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау және заң талаптарының орындалуын қадағалау жалғасуда. Жолды қардан уақытында тазаламағаны және инертті материалдар себуді жүзеге асырмағаны үшін жауапты мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты «Тараз – Шымкент», «Қордай – Алматы», «Шу — Бурылбайтал», «Күйік —Қаратау» және «Аса — Қарабастау —Қаратау» бағыттарында барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, ауа райын назарға алуға және жағдай толық тұрақталғанға дейін ұзақ сапарға шықпауға шақырады.