Жамбыл облысы ПД командасы Сенат кубогында топ жарды

Жамбыл облысы ПД командасы Сенат кубогында топ жарды

Жамбыл облысы ПД командасы Сенат кубогында топ жарды

🏆ҚР Парламенті Сенатының «Senat Open —2026» шахматтан ІІІ ашық кубогында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өткен тартысты додада Жамбыл облысы Полиция департаментінің командасы жалпыкомандалық есепте І орын иеленіп, жоғары шеберліктерін дәлелдеді.

♟️ Зияткерлік спорт бәсекесінде команданың намысын қорғаған қызметкерлер тамаша нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының инженері Зарифжан Ибрагимов жекелей есепте қарсыластарына дес бермей, І орынды иеленді. Оның салқынқандылығы мен кәсіби шеберлігі турнир барысында айқын көрініс тапты.

🥈 Сонымен қатар, ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Ануар Қылышбеков жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, команданың жеңіс қоржынына қомақты үлес қосты.

👩‍✈️ Ерлермен қатар иық тіресе ойнаған ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының технигі Жеңіскүл Демеуова жүлделі ІІ орынды еншілесе, ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Ботакөз Темірбаева ІІІ орынды қанжығасына байлады.

👮‍♂️ Жарысқа облыстың әр өңірінен 80-нен астам күштік құрылым қызметкерлері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға мол тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

💬 — «Бұл турнир — құқық қорғау қызметкерлері арасында шахматты кеңінен насихаттауға, логикалық ойлау мен стратегиялық қабілетті дамытуға үлкен серпін береді. Жамбыл облысы Полиция департаменті командасының жеңісі — өңір спорты үшін де, қызметкерлердің жан-жақты дамуы үшін де маңызды жетістік», — деп атап өтті Жамбыл облысы Шахмат федерациясының төрағасы Әлібек Утеулиев.

📌Сенат кубогы — жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын беделді зияткерлік дода. Жамбылдық полиция қызметкерлерінің бұл жеңісі — қызмет пен спортты қатар алып жүрген қайсарлықтың айқын көрінісі.