
Ой түйетін экскурсия: жасөспірімдер Қордай ауданындағы уақытша ұстау изоляторына барды
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды күшейту мақсатында Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдер үшін "Ашық есік күні" іс-шарасын ұйымдастырды.
Кездесудің басты мақсаты уақытша ұстау изоляторына апару арқылы жасөспірімдерге заңсыз мінез-құлықтың салдары қайда әкелуі мүмкін екенін көрсету еді.
Полиция қызметкерлері экскурсия қатысушыларына қамалғандарды ұстау тәртібін, камераларда болу шарттарын, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасаудың заңды салдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Жасөспірімдерге УҰИ – бұл заңды бұзғандар түсетін орын екендігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, балаларға кинологиялық қызмет пен арнайы бөліністің жұмысы да көрсетілді. Қызметтік иттер тыйым салынған заттарды және шартты бұзушыны ұстау дағдыларын көрсетіп, жастардың қызығушылығын тудырды.
Іс-шара барысында полицейлер заңнама нормаларын, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін және ойланбай істеген бір әрекеттің болашақ тағдырына қалай әсер ететінін естеріне салып, профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу соңында жасөспірімдер қызметкерлерге сұрақтар қойып, қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша ақпараттар алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың заңға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ полиция мен өскелең ұрпақ арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтады.