
Полиция қызметкерлері колледж студенттеріне "Заң мен тәртіп" қағидаттары туралы айтты
"Білім" кәсіптік гуманитарлық-техникалық колледжінде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған студенттермен профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараны полиция қызметкерлері "Қоғамдық келісім" КММ, білім беру саласының өкілдері, "AMANAT" партиясы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырды.
Негізгі тақырыбы "Заң мен тәртіп" және "Адал азамат" тұжырымдамалары шеңберінде заңдылықты сақтау, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және өскелең ұрпақты адалдық пен жауапкершілік рухында тәрбиелеу мәселелері болды. Полицейлер заңнама нормаларын түсіндіріп, заңсыз әрекеттер үшін жауапкершіліктің бар екенін еске салды.
Парасаттылық, заңға және адамдарға құрмет көрсету қағидаттарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, спикерлер жеке тұлғаны қалыптастыру кезеңінде отбасыда жасөспірімдерді тәрбиелеу мен қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: студенттер сұрақтар қойып, мамандардан толық жауаптар алды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастыратынын атап өтті.