Жамбыл облысында тас жолда нөмірсіз жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды

Жамбыл облысында тас жолда нөмірсіз жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды

Жамбыл облысында тас жолда нөмірсіз жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды

 «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 350-шақырымында полиция қызметкерлері Тараз қаласынан Алматы қаласы бағытына қарай кетіп бара жатқан мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ «BMW» және «Mersedes Benz» автокөліктерін тоқтатты.

 Тексеру барысында 20 жастағы «BMW» көлігінің жүргізушісі басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, бір жыл ішінде қайтадан көлік жүргізгені анықталды.

 Ал «Mersedes Benz» көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты.

Тас жолда еркін жылдамдықпен жүргісі келген екі дос бейнебақылау камераларына түсіп қалмау үшін көлік нөмірлерін шешіп алған.

Өрескел құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары айып тұрағына қойылды.

 Жамбыл облысы Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзге азаматтардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.