Жамбыл облысының полиция қызметкері каратэден Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Жамбыл облысының полиция қызметкері каратэден Әлем кубогының жеңімпазы атанды

    Жамбыл облысы Полиция департаменті Тылды қамтамасыз ету басқармасының қызметкері Арафат Мырзағали Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен каратэден Әлем кубогында бірінші орынды жеңіп алды.

    Халықаралық деңгейдегі жарыс әлемнің 10 мемлекетінен келген ең мықты 500-ге жуық спортшының басын қосты.

    Тартысты жекпе-жек қорытындысы бойынша Арафат Мырзағали жоғары кәсіби және спорттық дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

    Чемпион — қазіргі уақытта спорт шеберіне үміткер (СШҮ).

   Жеңіс құтты болсын!