Белгілі боксшы Ангелина Лукас Жамбыл облысы полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді

Белгілі боксшы Ангелина Лукас Жамбыл облысы полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді

   Жамбыл облысы Полиция департаментінің учаскелік инспекторлары азаматтарға қызмет көрсету қағидатын басшылыққа ала отырып, белгілі спортшы Ангелина Лукасқа және оның отбасына құқықтық сипаттағы мәселеге байланысты жедел көмек көрсетті.

  Отбасылық кәсіптегі құқыққа қайшы жағдайлар туындаған кезде әкесінің денсаулығы нашарлаған спортшы полиция бөліміне заң жүзінде көмектесуге арызбен жүгінген. Полиция қызметкерлерінің дер кезінде қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде мәселе бейбіт әрі заңды жолмен шешімін тапты.

   Көрсетілген жеделдік, кәсібилік және жанашырлық үшін Ангелина Лукас полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желі арқылы алғысын білдіріп, олардың азаматтарға әрдайым көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.