Алаяқ "көлік басқаруға жүргізуші куәлігін жасауды" ұсынды

Алаяқ "көлік басқаруға жүргізуші куәлігін жасауды" ұсынды

Тараз қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен алаяқтық жасағаны үшін облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.  Жігіт жүргізушіге автокөлікке жүргізуші куәлігін (құқығын) жасауға көмектесетініне сендіріп, осы "қызметі" үшін 50 000 теңге алған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтардың құрбаны болған басқа адамдарды анықтау үшін бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Криминалдық полиция басқармасы азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін қырағы және сақ болу қажеттігін ескертеді.