«Ұйқысыз, тамақсыз үш күн»: Қалың тұманда 700 қойымен адасқан қойшыны полиция 24 сағатта тапты

«Ұйқысыз, тамақсыз үш күн»: Қалың тұманда 700 қойымен адасқан қойшыны полиция 24 сағатта тапты

🌫 Жамбыл ауданындағы шаруақожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қойымен бірге құмды аумақта адасып кеткен.

🚓 Хабарлама түскен сәтте жедел түрде оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері жіті іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, оның малдары да аман-есен табылды.

💬 Қойшының айтуынша, ол қалың тұманда жолды байқамай қалып, әдеттегі бағытынан адасқан. «Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз», — деді ол.

⚠ Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға ауа райы қолайсыз кезде алыс жайылымға жалғыз шықпауға, жақындарымен әрдайым байланыста болуға кеңес береді