
Қайсар Сұлтанбаев:«Апатты болдырмау — бір өмірді сақтау деген сөз. Бұл біздің басты мақсатымыз»
👨🏻✈ ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасын орындау мақсатында Жамбыл облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаев өңірдегі бірқатар жол учаскелерінде тексеру жүргізіп, жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Ол патрульдік қызметтің даярлығын және жолдардағы бақылау шараларының орындалуын бағалады.
🛡 Генерал-майордың айтуынша, өңірде апаттарды азайту мақсатында қауіпті жерлерде жолды тарылту, дрондар арқылы бақылауды күшейту және рейдтер кезінде жүргізушілердің шаршауын болдырмауға бағытталған түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, Тараз қаласында және облыс жолдарында анықталған қауіпті учаскелерде қосымша белгілер орнату, жол таңбаларын жаңарту және патрульдеуді күшейту шаралары қолға алынған.
🚔Департамент бастығы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларынан болатын адам өлімінің шамамен 23,2 пайызға төмендегенін атап өтті.
🔊Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, жолда тәртіп сақтап және өзара құрмет көрсетуге шақырады.