Ұйымдастырушы:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы Полиция департаменті
Мекенжайы: 080000, Тараз қ., Желтоқсан көшесі, 80.
Телефон: 8 (7262) 99-71-71.
Ресми сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl?lang=ru
Бос лауазымдар:
Негізгі функционалдық міндеттері:
— көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметін жалпы ұйымдастыру және басшылық жасау;
— құжаттарды ресімдеуді, азаматтарды уақтылы тіркеу мен есептен шығару рәсімін бақылау;
— шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ықтиярхаттар беру және тіркеуді ұйымдастыру;
— алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді іздестіру жұмыстарын бақылау;
— азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау, қажет болған жағдайда қызметтік тексерулер жүргізу;
— жеке құрам арасында арнайы даярлық сабақтарын өткізу.
Лауазымдық жалақы
Санат
|
Қызмет өтіліне байланысты |
|
min |
max |
|
С-SVR-4 |
226 111 |
278 0888 |
С-SVR-5 |
193 854 |
238 416 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Жоғары арнайы білім (мамандану) немесе нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
2) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) саяси немесе әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоспардан тыс аттестацияның нәтижесі: жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсынуға ұсынылады.
Бағытталған санаттағы қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім, ұйымдастырушылық және басқару қабілеттігі.
1) нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім;
2) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоспардан тыс аттестацияның нәтижесі: жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсынуға ұсынылады.
Бағытталған санаттағы қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім, ұйымдастырушылық және басқару қабілеттігі.
Конкурсқа қатысу тәртібі:
Үміткерлер өтініштерін Жамбыл облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс басқармасына хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш.
Өтінішке қоса тіркеледі:
1) жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыстың нәтижелерімен бірге қызметтік мінездеме (ерікті нысанда);
2) басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (ерікті нысанда);
3) № 998 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - кәсіби құзыреттерді айқындау қағидалары мен әдістері) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне 7, 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша орындаушылық лауазымды атқарып отырған ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы немесе басқарушылық лауазымды атқарып отырған ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы;
4) кәсіби құзыреттерді айқындаудың қағидалары мен әдістеріне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің бәсекеге қабілеттігін бағалау парағы;
5) Қазақстан Республикасы ІІО кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын өткізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (ерікті нысанда) қоса беріледі.
Маңызды:
Толық құжаттар пакеті ұсынылмаған жағдайда, кадр қызметі үміткердің өтінішін қабылдаған күні өзіне қайтарып береді.
|
нысан |
|
Жамбыл облысы ПД бастығы |
|
полиция полковнигі Б.А. Малыбаев мырзаға |
Өтініш
Маған _______________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға рұқсат беруді сұраймын.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында бос лауазымды атқаруға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауапкершілік туралы ескертілдім.
____________ ______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты (әкесінің аты болған жағдайда))
Байланыс деректері:
жұмыс және ұялы телефон нөмірі:
________________________________________________________________________
электрондық мекенжайы
________________________________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы
________________________________________________________________________
жұмыс мекенжайы
________________________________________________________________________
20 ___ жылғы "___" _________