Жамбыл облысында 3 миллион теңге көлеміндегі алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында 3 миллион теңге көлеміндегі алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады.

2025 жылғы 23 шілдеде полицияға жергілікті тұрғын белгісіз біреудің үйіне терезе арқылы кіріп, жалпы 2 890 000 теңге көлемінде алтын бұйымдары мен қолма-қол ақшасын ұрлағанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен 33 жастағы Шу ауданының тұрғыны ұсталды.

Тергеу барысында оның 3 450 000 теңгенің мүлкін ұрлағаны анықталды. Жалпы, күдіктінің жеті ұрлық дерегіне қатысы бар екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.