ОРТА БАСШЫ ҚҰРАМНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

ОРТА БАСШЫ ҚҰРАМНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

 

Конкурсқа қатысушылардың лауазым санаттары бойынша білімдеріне қойылатын талаптар:

 

С-SN-8 *** санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.

 

С-SVR-4 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби.

 

С-SVR-8***** санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби.

 

С-SVR-8 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби.

 

C-SSP-8 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.

 

Барлық конкурсқа қатысушылар үшін кәсіби сипаттамаларына қойылатын талаптар (қызмет ерекшелігін көрсететін):

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.                        Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

 

Лауазымдық еңбекақылар:

 

Санаты

Жалақының басталатын сомасы

1.      

С-SN-8 ***

233 069 теңге

2.      

С-SVR-4

226 111 теңге

3.      

С-SVR-8 *****

166 528 теңге

4.      

С-SVR-8

153 887 теңге

5.      

С-SSP-8

153 887 теңге

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы Полиция департаменті, 080000, Тараз қ., Желтоқсан көшесі 80, телефон:       8-(7262) 99-71-71, Жамбыл облысы Полиция департаменті egov.kz сайты.

 

Жамбыл облысы Полиция департаменті орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

  1. 1. Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (батальон құқығымен) саптық бөлінісінің инспекторы (С-SN-8***, 4 бірлік) (ораналасқан жері Қордай ауданы).

Функционалдық міндеттер: көшелерде, алаңдарда және басқа да қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоғамдық-саяси, жаппай-спорттық, мәдени, өзге                           де қорғаныс іс-шаралары кезінде құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздіктерді қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім. Күрес пен атыстың жауынгерлік түрлері бойынша спорттық, біліктілік разрядтарының болуы (спорт шеберіне үміткер немесе спорт шебері), заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 3-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, құқық қорғау қызметі, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт.

 

  1. Байзақ ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Жамбыл ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы (С-SVR-8, 2 бірлік), Қордай ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы (С-SVR-8, 2 бірлік), Меркі ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы (С-SVR-8, 2 бірлік), Мойынқұм ауданы бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Талас ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Шу ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы (С-SVR-8, 2 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылық деректері туралы ІІО келіп түскен шағымдар мен хабарламаларға, сондай-ақ кез келген ақпарат көздерінен анықталған немесе басқа мемлекеттік органдармен ҮЕҰ-дан. Сондай-ақ лауазымды адамдардан түскен барлық ақпаратқа шұғыл ден қою шараларын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 3-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, психология, педагогика және психология, әлеуметтік жұмыс.

 

  1. Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Жамбыл ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Қордай ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8, 7 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8, 2 бірлік), Шу ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8, 2 бірлік).

Функционалдық міндеттер: құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы, оқушылар арасында қаңғыбастықтың жолын кесу, құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандар тобын анықтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 3-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі, педагогика және психология, психология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт.

 

  1. Тараз қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Қордай ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Меркі ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Сарысу ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік).

 Функционалдық міндеттер: шетелдіктердің уақытша болуын бақылау, тұрақты тұруға құжаттарды ресімдеу, азаматтығын ресімдеу, мемлекеттік қызметтер көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 3-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, шет тілі: екі шет тілі, халықаралық қатынастар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер.

 

  1. Тараз қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің қызмет инспекторы (С-SSP-8, 4 бірлік).

Функционалдық міндеттер: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім, жүргізуші куәлігінің болуы, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 3-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі,  көлік, көліктік техника және технология, көлік тасымалдау, қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану.  

 

  1. Тараз қаласы Полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі (С-SVR-8*****, 2 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі (С-SVR-8*****, 1 бірлік), Т.Рысқұлов атындағы ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі (С-SVR-8*****,                     1 бірлік), Шу ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі                       (С-SVR-8*****, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: қылмыстық істерді тергеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 2-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі, қылмыстық іс және процесс.   

 

  1. Тараз қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі (С-SVR-8*****, 2 бірлік), Байзақ ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі (С-SVR-8*****, 1 бірлік), Меркі ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі (С-SVR-8*****, 1 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі (С-SVR-8*****, 1 бірлік), Шу ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі                   (С-SVR-8*****, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: қылмыстарды анықтау, ескерту, жолын кесу және ашу. Анықтау, тергеу органдарынан және соттан ізін жасырған, қылмыстық жазадан жалтарған, із-түзсіз жоғалған азаматтарды және басқа тұлғаларды іздестіру бойынша шараларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 2-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі.

 

  1. Қордай ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учакелік полиция инспекторлары тобы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8, 2 бірлік), Меркі ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учакелік полиция инспекторлары тобы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8, 2 бірлік), Шу ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учакелік полиция инспекторлары тобы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: учаскелік полиция инспекторымен бірлесе отырып, қызмет көрсететін жергілікті учаскенің аумағында қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтар профилактикасы, ескерту, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қорғау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 2-ші бағадарлама бойынша).    

Мамандығы: құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі.

 

  1. Тараз қаласы Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі жол және техникалық инспециясы бөлімшесінің мемлекеттік автоинспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Меркі ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспециясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Т.Рысқұлов атындағы ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспециясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Шу ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспециясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспециясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Талас ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспециясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: автомобиль жолдарын, елдi мекендер көшелерiн, жол құрылыстарын, темiр жол өткелдерiн және қозғалысты реттеудiң техникалық құралдарын ұстау ережелерiнiң сақталуын бақылау және қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 3-ші бағадарлама бойынша).    

Мамандығы: көлік, көлік техникасы мен технологиялары, көлік құрылысы, тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану.

 

  1. Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4, 1 бірлік), Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4, 1 бірлік), Қордай ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4, 7 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4, 8 бірлік), Сарысу ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4, 3 бірлік).

Функционалдық міндеттер: қызмет көрсететін жергілікті учаскенің аумағында қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтар профилактикасы, ескерту,  жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қорғау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 2-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі.

 

  1. Қордай ауданы полиция бөлімі екінші арнайы тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі екінші арнайы тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік), Сарысу ауданы полиция бөлімі екінші арнайы тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: мемлекеттік құпияларды қорғау және хабарламаларды өндеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 3-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері. 

 

  1. Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімі анықтау бөлімшесінің анықтаушысы (С-SVR-8*****, 1 бірлік), Мойынқұм ауданы полиция бөлімі анықтау бөлімшесінің анықтаушысы (С-SVR-8*****, 1 бірлік), Сарысу ауданы полиция бөлімі анықтау бөлімшесінің анықтаушысы (С-SVR-8*****, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: қылмыстық істерді тергеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 2-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі, қылмыстық іс және процесс.   

 

  1. Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ экологиялық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге және әкімшілік құқық бұзушылық істерін жүргізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 3-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, экология, агрономия, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік.

 

  1. Тараз қаласы Полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі (С-SVR-8*****, 1 бірлік), Қордай ауданы полиция бөлімі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі (С-SVR-8*****, 1 бірлік), Талас ауданы полиция бөлімі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі (С-SVR-8*****, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: есірткі қылмыстарын, есірткі сатумен, контрабандамен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтарды, ордаларды анықтау, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы  профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: құқықтық, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 2-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: заңтану, құқық қорғау қызметі.

 

  1. Меркі ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік практика тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік); Мойынқұм ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік практика тобының инспекторы (С-SVR-8, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: хаттаманың және басқа да іс жүргізу құжаттарының дұрыс ресімделуін, салынған жазаның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің санкцияларына сәйкестігін тексеру. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби, заңнама негіздерін білуге арналған сертификат (құқық қорғау қызметіне 2-ші бағадарлама бойынша).

Мамандығы: құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі.

 

Орта басшы құрамға орналасу үшін қойылатын қосымша талаптар:                  бойы – 170 сантиметрден төмен емес, жасы – отыз бестен жоғары емес,               тиісті білімі бар және шұғыл әскери қызметтен өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл әскери қызметке шақырылудан босатылғандар немесе кейінге қалдырылған азаматтар. Шұғыл әскери қызметке шақырылуға тиіс, шақыру жасындағы азаматтар осы санаттағы лауазымдарға жоғары білімі болғандағана қабылдана алады. Осы санат бойынша конкурска қатысуға өтінім берген азаматтар, зейнет жасына жеткенде (қырық сегіз жас), жалпы жұмыс өтілі – жиырма бес жыл болуы керек, оның ішінде он екі жыл, алты ай ішкі істер органдарындағы үздіксіз қызметі.

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан сәттен бастап                     құжаттарды Тараз қаласы Желтоқсан көшесі № 80 мекен-жайы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаменті Тарбие және кадр жұмыс басқармасы қабылдауды жүзеге асырады. Құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін) және ішкі істер органдарынын әскери-дәрігерлік комиссиясынан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуі қажет.

 

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

 

Ішкі істер органдарындағы қызметтің жеңілдіктері мен  басымдықтары.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері тегін нысандық киіммен қамтамасыз етіледі, жалдамалы тұрғын үйдің өтемақысы төленеді,  жылына бір рет жалақысын сақтаумен  30 күндік еңбек демалысы және еңбек өтіліне байланысты қосымша күндер қосыла отырып, сауықтандыруға өтемақы беріледі.