Конкурсқа қатысушылардың лауазым санаттары бойынша білімдеріне қойылатын талаптар:
С-SV-12*** санаты үшін: орта білім.
С-SV-12 санаты үшін: орта білім.
С-SV-13 санаты үшін: орта білім.
Барлық конкурсқа қатысушылар үшін кәсіби сипаттамаларына қойылатын талаптар (қызмет ерекшелігін көрсететін):
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.
Лауазымдық еңбекақылар:
№ |
Санаты |
Жалақының басталатын сомасы |
1. |
C-SV-12*** |
193 854 теңге |
2. |
C-SV-12 |
153 887 теңге |
3. |
C-SV-13 |
142 488 теңге |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы Полиция департаменті, 080000, Тараз қ., Желтоқсан көшесі 80, телефон: 8-(7262) 99-71-71, Жамбыл облысы Полиция департаменті egov.kz сайты.
Жамбыл облысы Полиция департаменті кіші басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттер: жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру және орналастыру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Функционалдық міндеттер: есірткі қылмыстарын, есірткі сатумен, контрабандамен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтарды, ордаларды анықтау, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі: орта, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Функционалдық міндеттер: қызметтік автомашина және байланыс құралдарын техникалық жөндеуді және таза жағдайда ұстау, ағымдағы жөндеуді уақытылы жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта, В, В1, С, С1 санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Функционалдық міндеттер: қызметтік автомашина және байланыс құралдарын техникалық жөндеуді және таза жағдайда ұстау, ағымдағы жөндеуді уақытылы жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта, жүргізуші куәлігінің болуы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Функционалдық міндеттер: Полиция департаментінің және полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына өткізіп-бақылау және күзету функциясын іске асырады.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Функционалдық міндеттер: материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ әкімшілік ғимараттарды техникалық пайдалану және шаруашылық қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Функционалдық міндеттер: жарылғыш заттар мен есірткі заттарды анықтауға, қылмыскерлерді анықтауға және алып жүруге иттерді үйрету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Функционалдық міндеттер: қызметтік автомашина және байланыс құралдарын техникалық жөндеуді және таза жағдайда ұстау, ағымдағы жөндеуді уақытылы жасау, сондай-ақ қылмыс жасады деп күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылмен алып жүруді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта, жүргізуші куәлігінің болуы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі. В, В1, С, С1, D, D1 санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы.
Функционалдық міндеттер: қылмыс жасауда сезікті және айыпталушыларды тұлғаларды күзету және айдауылдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Функционалдық міндеттер: қызметтік автомашина және байланыс құралдарын техникалық жөндеуді және таза жағдайда ұстау, ағымдағы жөндеуді уақытылы жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: орта, жүргізуші куәлігінің болуы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Кіші басшы құрамға қойылатын қосымша талаптар: бойы – 170 сантиметрден төмен емес, жасы – отыз бестен жоғары емес, тиісті білімі бар және шұғыл әскери қызметтен өткендер, кейбір лауазымдарға «В,С,D» санаттары бойынша жүргізуші куәлігі бар. Осы санат бойынша конкурска қатысуға өтінім берген азаматтар, зейнет жасына жеткенде (қырық сегіз жас), жалпы жұмыс өтілі – жиырма бес жыл болуы керек, оның ішінде он екі жыл, алты ай ішкі істер органдарындағы үздіксіз қызметі.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан сәттен бастап құжаттарды Тараз қаласы Желтоқсан көшесі № 80 мекен-жайы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаменті Тарбие және кадр жұмыс басқармасы қабылдауды жүзеге асырады. Құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін) және ішкі істер органдарынын әскери-дәрігерлік комиссиясынан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуі қажет.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Ішкі істер органдарындағы қызметтің жеңілдіктері мен басымдықтары.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері тегін нысандық киіммен қамтамасыз етіледі, жалдамалы тұрғын үйдің өтемақысы төленеді, жылына бір рет жалақысын сақтаумен 30 күндік еңбек демалысы және еңбек өтіліне байланысты қосымша күндер қосыла отырып, сауықтандыруға өтемақы беріледі.