Хабарландыру
жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы
Жамбыл облысы Полиция департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 бұйрығымен бекітілген Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының, Министрдің, министр орынбасарының номенклатурасына, сондай-ақ Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Жамбыл облысы Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына үлгіге сәйкес баянат және "Құжаттамашы" жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Жамбыл облысы Полиция департаменті номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Полиция департаменті басқарма бөлімдері – C-SVО-5 санаты;
- Полиция департаменті басқарма бөліністері (ПД Кинология қызметі орталығы және Автошаруашылық) – C-SVО-6 санаты;
- рота командирі (ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы) – С-SN-6*** санаты;
- взвод командирлері (ПД Патрульдік полиция батальоны, Айдауылдау қызметі взводы және Полиция департаменті ғимаратын күзету взводы) – C-SSP-5 санаты;
- қалалық және аудандық полиция бөліністерінің бөлімшелері –
C-SVR-5 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда Жамбыл облысы Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы қызмет өткеруді ұйымдастыру бөліміне хабарласуға болады, каб. № 111, 115, анықтама телефондары 8 (7262) 99-70-80, 99-72-66, 99-72-76.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
Жамбыл облысы Полиция департаменті
Тәрбие және Кадр жұмысы басқармасы
Жамбыл облысы
ПД бастығы
полиция полковнигі
Б.А. Малыбаев мырзаға
Баянат
Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
____________________
(лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)