Жамбылда полицейлер оқушылардың жазғы демалыс кезінде алдын алу шараларын күшейтті

Жамбылда полицейлер оқушылардың жазғы демалыс кезінде алдын алу шараларын күшейтті

Полиция қызметкерлері жасөспірімдер қылмысының алдын алуға және кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы ортаға тартуға жол бермеуге бағытталған рейдтік іс- шаралар жүргізуде.

Аталған іс-шаралар шеңберінде тәртіп сақшылары балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына және ойын-сауық орындарында болуына қатысты, оларға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, сондай-ақ топтық төбелеске жол бермеу деректеріне ерекше назар аударуда.

Бір апталық рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаудың 50 дерегін анықтады.
Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 4 кәмелетке толмаған жасөспірім, кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс және облыс аумағындағы ойын - сауық мекемелерінде болғаны үшін 156 жасөспірім жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық есепке 8 жасөспірім және жеті қолайсыз отбасы қойылды.