Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полицейлер "Daewoo nexia" маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жолда қауіпті жағдай туғызған бейнежазбаны анықтады.
Іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Жамбыл облысының ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен осы автокөліктің жүргізушісі анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Көлік құралы жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясына сәйкес, алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жолданды.
Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері үнемі рейдтік іс-шаралар кешенін өткізеді.
Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар саябақтар мен алаңдарды, қараусыз қалған үйлерді және жасөспірімдер жиналатын басқа да ықтимал жерлерді тексерді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сату деректері де анықталды.
Рейд кезінде полиция қызметкерлері қаладағы екі ойын-сауық мекемесінде сағат 22:00-ден кейін ересектердің еріп жүруінсіз болған 18 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 1-бөлігі бойынша "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кафе иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы бойынша "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру" бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
- Түнгі қаладағы балаларға арналған қатаң ережелер - олардың игілігі үшін. Ата-аналар бізге дауыс көтеріп, айқай-шу шығарып жататын кездер де болады. Бірақ, олар көшедегі кәмелетке толмаған жасөспірімнің кездейсоқ, абайсызда жағымсыз жағдайға немесе нашар ортаға түсіп қалуы мүмкін екенін түсінбейді. Біздің мақсатымыз-балаларды қорғау, - деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалары бойынша аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.
Облыс бойынша кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін барлығы 55 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Тараз қ. Полиция басқармасымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жасы кәмелетке толмаған баланың «Subaru» маркалы автокөлігін басқарған бейнежазбасы анықталды.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде автокөліктің иесі анықталды.
Көлік иесінің айтуынша 12 жастағы баласы автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Оның бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде жүргендігі туралы білмеген.
Ол ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Кәмелет жасқа толмаған баламен және ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Ағымдағы жылғы 15-20 мамыр аралығында ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармай материалдарының республикадан тысқары жерлерге шығарылуына жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату арқылы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу деректерін анықтауға ерекше назар аударуда.
Аталған құқық бұзушылыққа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігімен (рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Алғашқы тәулікте полицейлер рұқсатсыз орнатылған қосымша жанармай бактарымен жабдықталған 20 көлік құралын анықтады. Әрбір жүргізуші 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болады. Заңсыз қайта жабдықталған көліктер бұзушылықтар жойылғанға дейін арнайы тұраққа қойылды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау дерегін анықтады.
"Меркі-Шу-Бурылбайтал" трассасының 260- шақырымында аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері "Honda Accord" маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің багаж бөлігінен жолаушы болып келе жатқан Астана қаласының 38 жастағы тұрғынына тиесілі, жалпы салмағы 4 келі 700 гр. кептірілген марихуана салынған полиэтилен пакеті табылды.
Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады. Оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Егер, Сізде есірткі қылмысы туралы ақпарат болса, жедел түрде полицияның "102" нөміріне хабарласыңыз.
Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып қойғанын хабарлаған. Күдікті бағасы 132 мың теңге болатын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 80 жастағы ер адамды анықтады. Қария өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон түріндегі заттай дәлелдеме тәркіленді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, оларға бөгде адамдармен көшеде қарым-қатынас ережелерін түсіндіру қажеттігін ескертеді.
Ағымдағы жылғы 11-14 мамыр аралығында Жамбыл облысының аумағында жол-көлік оқиғаларын азайту, жолдардағы қауіпсіздікті арттыру және көлік жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға аудару болып табылатын "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Осыған байланысты патрульдік полиция саптық бөліністерінің күш- құралдарын барынша жұмылдыра отырып, жол қозғалысының барлық қатысушыларын, сондай-ақ Жамбыл облысы арқылы транзитпен өтетін тұлғалар мен көліктерді тексеру жұмыстары жүргізілетіні туралы хабардар етеміз.
Аталған іс-шара әрбір көлік жүргізушісі мен жаяу жүргіншінің жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауы, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеуі бойынша үгіт- насихат, алдын алу бағытында жүргізіледі.
Сондай –ақ, патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы саласындағы заңнаманы сақтауға қатысты жадынамалар мен бүктемелер таратып, мақсатқа бағытталған құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары!
Жамбыл облысының Полиция департаменті қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолға шықпас бұрын көліктегі ақауларды мұқият тексеру, жолда ұқыпты болу, жол ережесін бұзбау қажеттілігі туралы тағы да ескертеді.
Есіңізде болсын : Жол қателіктерді кешірмейді!
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын ұстады.
Ұсталған азаматшаның жалға алған пәтерін тінту барысында жатын бөлмеден жалпы салмағы 21 гр. 51 млгр. "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі заты бар 75 орам табылып, тәркіленді.
- Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясына сәйкес мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел орын алған алаяқтық дерегі туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, биылғы жылдың қаңтар айында бір таныс әйел оны мектепке мұғалім болып жұмысқа орналастыруға уәде беріп, өзінің "қызметі" үшін 700 мың теңге алған.
Жәбірленуші оған сұраған ақшасын берген, алайда уәде еткен жұмыс орнына тұра алмағандықтан , полицияға шағымданған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығының 48 жастағы әйел тұрғынын анықтады. Әйел адам өз кінәсін мойындады. Ол келу туралы міндеттемемен босатылды.
Қазіргі таңда істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау мақсатында барлық қажетті жедел- тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 14 наурызында Қордай аудандық полиция бөлімінің «102» арнасына 37 жастағы азаматша белгсіз ер адамның дәмхана есігінің терезесін сындыру арқылы заңсыз кіріп, күш қолдану арқылы әшекей бұйымдарын, кассада тұрған 13 000 теңге қаражатын, 5 дана алкоголь және темекі өнімін алып кеткені туралы хабарлады. Жалпы келтірілген шығын құны 137 000 теңгені құрады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бапқа сәйкес мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлерімен 36 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталды.
Күдікті кінәсін толық мойындады, қазіргі таңда ол Қордай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында қамақта.