Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды. Жас жігіт кейбір адамдар бопсалау және қоқан-лоққы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпағаны үшін оның 990 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін айтты.
Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 1994, 1995, 1999 және 2004 жылы туған төрт азаматты анықтап, ұстады. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады.
24 пен 28 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі қатысушыға қатысты "ешқайда кетпеу туралы" жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды.
Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта істің толық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Өңірде мектеп бітіру кештері кезеңінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық ортаға кіргізбеу мақсатында кең ауқымды жұмыс жүргізілді.
Полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын жерлерде патрульдік қызмет жасақтарын күшейтті, жаяу және автопатрульдеуді ұлғайтты, шомылу орындарын бақылауға алды.
Қоғамдық тәртіпті бұзбау, оның ішінде мектеп түлектерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларына жол бермеу үшін жағдайды бақылау бойынша жедел штабтар жұмыс істеді.
Ойын-сауық мекемелері құқық қорғау органдарының назарында болды. Мектеп бітіру кештеріне арналған барлық іс-шараларда ювеналды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар қатарынан кезекші жасақтар қойылды, олар іс-шара басталғаннан бастап оның аяқталуына дейін түлектермен және олардың ата-аналарымен бірге жүрді.
Түнгі рейд барысында кәмелетке толмағандардың жүруі мүмкін ойын-сауық орындары, саябақтар, скверлер, аллеялар мен аулалардың барлығы ювеналды полицейлердің назарында болды.
- Мобильді топтар 60-тан астам әкімшілік құқық бұзушылықты, оның ішінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 51 дерегін анықтады. Сағат 22:00-ден кейін ата-анасыз ойын-сауық орындарында 8 кәмелетке толмаған жасөспірімнің болуына жол бергені үшін 3 кафенің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 21 жасқа толмаған адамға алкогольдік ішімдіктерді сатудың 1 дерегі, ата-ана міндеттерін тиісінше орындамаудың 1 дерегі анықталды. Жалпы күш-жігерімізбен біз бұл күнді оқыс оқиғасыз өткізіп, жасөспірімдердің ойластырылмаған әрекеттерінің теріс салдарын болдырмауға қол жеткіздік, - деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.
Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстанда нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша кешенді жоспардың жобасы әзірленді.
Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев хабарлағандай, 2023 жылдың бес айында облыс аумағында 224 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 45 есірткі өткізу дерегі, 34 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 3 есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі, 6 есірткі контрабандасы.
Заңсыз айналымнан 540 келіге жуық есірткі алынды, оның ішінде 519 келіге жуық марихуана, 16 келіге жуық гашиш, 38 грамм героин, 21 грамм синтетикалық есірткі құралдары және т.б.
2023 жылғы 1 маусымда басталған «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жыл сайын полицейлер құмды аймақтардан жабайы қарасораны әкету арналарын жабу бойынша операциялар жүргізеді.
Полиция қызметкерлері есірткі қылмысымен ғана емес, жабайы өсімдіктермен де күресуде. ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасныың қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері учаскелерді ору, шабу, өртеу және улы химикаттарды қолдану арқылы есірткілерді жоюда. Тек бір Байзақ ауданында шабу және өртеу арқылы 18,7 гектар жердегі 20 тонна 456 келі жабайы қарасора жойылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.
Ағымдағы жылғы 20-22 маусым аралығында өткізілуі жоспарланған мектеп бітіру кештеріне байланысты тәртіп сақшылары тәулік бойы күшейтілген қызмет атқаратын болады.
Қызметті үйлестіру және түрлі құқық бұзушылықтарға, оның ішінде мектеп бітіру кештерін өткізу орындарында жедел ден қою үшін қосымша жедел штабтар құрылды.
Салтанатты және бейресми бөлімдерді өткізу кезеңінде түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды.
Айта кетейік, тәртіп сақшылары облыстың барлық мектептері бойынша бітіруші 12 076 түлекті қамтиды.
Полицейлер түлектермен және олардың ата-аналарымен, ойын-сауық мекемелерінің иелерімен және дүкендері бар жеке кәсіпкерлермен 5746 профилактикалық әңгіме өткізді. 4 мыңнан астам профилактикалық мазмұндағы брошюралар мен парақшалар таратылды.
- Мектеп бітіру кештері кезінде ата-аналар балаларына ерекше назар аударуы керек. Сондай-ақ, салтанатты іс-шараларда алкоголь ішуге, темекі шегуге және зиянды заттарды қолдануға тыйым салынғанын еске саламын. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектеп түлектерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректеріне жол бермеуге ерекше назар аударылды (ТҚ-ны заңсыз басқару; терезелерден, ТҚ люктерінен шығару; кортеждердің қалыптасуы және тұрақсыз қозғалысы). Тыйым салынған жерлерде шомылудан және іс-шарадан тыс жерлерде мерекелеуден бас тартқан жөн. Су айдындарында, көпірлерде, жолдың жүру бөліктерінде таң шапағын күтуді болдырмау мақсатында іс-шара толық аяқталғанға дейін оқушыларды ертіп жүруді ұсынамыз. Бітіру кеші мектеп оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер үшін ең көптен күткен және керемет мереке. Мен барлығында тек жағымды эмоциялар мен естеліктер болғанын қалаймын. Бұл уақыттың қызықты өтуі сізге де байланысты, - деді облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.
Жыл сайын 26 маусымда аталып өтетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған айлықтың аясында Жамбыл облысында күн сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.
Алдын алу жұмыстарымен қатар, облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері балалардың бос уақытына, олардың жалпы рухани дамуына ерекше назар аударуда.
Бұл жолы полицейлер облыстың білім басқармасымен, "Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, оқушыларға арналған облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырды.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1931 жылы ашылды. Өлке тарихын хронологиялық тәртіпте қамтитын төрт көрме залы бар, атап айтқанда "Тарихи кезеңге дейінгі аралық", "Тараз қаласының тарихы", "Қазақ халқының этнографиясы" және "Кеңестік кезең және Тәуелсіздік жылдары". Бүгінгі таңда мұражай қорында 70 мыңға жуық бірегей экспонат бар.
Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа арналған экспозиция оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Экскурсия соңында полицейлер балаларға балмұздақ таратты.
- Бүгінгі таңда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қаланың басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады, сондай-ақ ол жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Мұражайлар орасан зор құндылықтарға ие, өйткені олар біздің халқымыздың бай өткен тарихы туралы шынайы ақпаратты болашақ ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Тәртіп сақшылары жасөспірімдер мен жастардың тыйым салынған заттарды қолдануының алдын алуда осындай іс-шараларға баса назар аударуға тырысады. Нашақорлық мәселесі туралы сөз қозғай отырып, біз спортпен шұғылдану, белсенді,салауатты өмір салтын ұстану, бос уақытты тиісінше қызықты, тиімді өткізуге, мәдени іс - шараларға қатысу сияқты пайдалы іс-шаралар өткізуге шақырамыз, - деп атап өтті облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ірі көлемде есірткі өсірудің жолын кесті.
Жедел ақпаратты іске асыру барысында Жамбыл ауданы тұрғынының үйінде полицейлер жалпы салмағы 3 келі 520 грамм өсіруге тыйым салынған 41 дана егілген өсімдік тапты.
Ұсталған адам Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Жамбыл облысына әлеуметтік желі арқылы танысқан әйел азаматша үшін көшіп келген екен. Оның айтуынша, қарасораны өскен соң кептіріп, өзі тұтыну үшін тұқымын еккен.
- Бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу, өсіру немесе қарасора, көкнәр, құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлады облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Күдіктіге қатысты екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары жүргізіледі, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектейді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Меркі ауданының полиция бөліміне 31 жастағы әйел Жамбыл облысындағы жоғары оқу орындарының бірінің қызметкеріне қатысты шағымданған.
Жәбірленушінің айтуынша, оқу төлемақысын кассаға төлеу мүмкіндігі болмағандықтан, ол ЖОО қызметкерінің бірінің банк қосымшасы арқылы 2022 жылдың наурызынан қарашасына дейінгі аралықта 250 мың теңге көлемінде ақша аударған. Алайда, жоғары оқу орнының қызметкері есебіндегі ақшаны жеке мақсатқа пайдаланып отырған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады, ол облыс орталығында тұратын 39 жастағы әйел болып шықты.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу жалғасуда.
Соңғы жылдары есірткіні, психотроптық, тактикалық және басқа да маскүнемдік заттарды медициналық емес тұтыну мәселесі әлемнің көптеген елдері үшін өзекті болды.
Жыл сайын 2023 жылдың 26 маусымында аталып өтетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған айлықтың аясында 8 маусым күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен бірлесіп гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің және жастар істері комитетінің студенттерімен "Нашақорлық-әлеуметтік проблема, қоғам дерті!» тақырыбында дәріс өткізді.
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінен жіберілген есірткіге қарсы бейнероликтер көрсетілді.
Студенттер есірткі заттарының заңсыз айналымы саласында сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді.
Дәрістің мақсаты-студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту болып табылады.
Іс-шараға 200-ден астам студент қатысты. Полиция қызметкерлері есірткі мен синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен салдары туралы айтты.
Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаевтың айтуынша, нашақорлық-бұл адам ағзасының есірткіге тәуелділігін қалыптастыра отырып, есірткіні кездейсоқ немесе мәжбүрлеп қабылдаудан басталатын ауыр психикалық ауру.
Нашақорлыққа тән көріністер ол - есірткіні одан әрі қолдануға және оны кез-келген жолмен алуға деген ұмтылыс. Қазіргі заманғы есірткі құралдары алғашқы қабылдаудан бастап осындай тәуелділікті қалыптастыра алады. Бұл аурудың салдары өте қауіпті, өйткені ішкі органдардың, жүйке жүйесінің функцияларының өрескел бұзылуы және тұлғаның деградациясы орын алады.
Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Абайлаңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде "Газель" маркалы автокөлікті тоқтатты.
Тексеру кезінде ерекше дерек анықталды, автокөліктің салоны отыратын тапшанға айналған. Сондай-ақ, салон ішінде 12 жолаушы, оның 5-еуі бала болды.
Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабы 7-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, азаматтың Қазақстан Республикасында төленбеген бірнеше айыппұлы бар болып шықты және автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынған (арест).
- Жүргізуші мен жолаушылар көрші мемлекеттің азаматтары екендігі және Ресейге табыс табу үшін бара жатқаны анықталды. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Ең бастысы, біз, дер кезінде тоқтатып, жауапсыз әрекеттің теріс нәтижесінің алдын алдық. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Қызмет барысында біз күн сайын әртүрлі жағдайларға тап боламыз. Қайталаудан шаршамаймыз: құрметті жол қозғалысына қатысушылар, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар! Бұл жолы барлығы сәтті болады немесе қорқынышты ештеңе болмайды деп ойламаңыздар. Ешкім ешнәрседен сақтандырылмаған, кез-келген уақытта кез-келген жағдай болуы мүмкін! Жолдардағы қауіпсіздік үшін әрқайсыңыз жауапты екеніңізді түсініңіздер! - деді Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы полиция подполковнигі Дәулетбек Жанғабылов.
Тараз қ. ПБ Жедел басқару орталығына сағат кешкі 18:15 шамасында 32 жастағы қала тұрғыны орталық көшелердің бірінде белгісіз тұлғаның мойынынан алтын бұйымын жұлып алып кеткендігі туралы хабарлаған.
Жедел түрде қала көшелерінде орналасқан бейнебақылау камераларын қарай отырып, патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен ізін суытпай 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Алтын алқа тәркіленіп алынды, күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабымен (Тонау) тергеу амалдары жүргізілуде.